Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа көшті, деп хабарлайды «Aqmola News» ВАК мәліметтеріне сілтеме жасап.
1 қарашада Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес көрсеткіш төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, сол сияқты Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.