spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 16, 2025
2.3 C
Kokshetau

Ерейментау ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

 Тұрғын  үйді  барынша  қолжетімді  ету  үшін  Ерейментау  ауданында «Нұрлы жер»  бағдарламасы  бойынша  45  пәтерлі  екі  тұрғын  үйдің құрылысы  жүргізілуде,-деп хабарлайды «Aqmola News».

«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына» арналған брифингте аудан әкімі Абай Әлжанов өңірдегі атқарылған құрылыс жұмыстарын атап өтті.

Ағымдағы  жылы  45  пәтерлі  жалға  берілетін  коммуналдық тұрғын  үйдің  құрылысын  аяқтау  жоспарлануда, құрылысты  аяқтауға  30,9 миллион теңге  бөлінді. Ал екінші  45  пәтерлі  жалға  берілетін  коммуналдық  тұрғын  үйдің құрылысы  бойынша, құрылысты  аяқтауға  35,7 миллион теңге  бөлінді,-деді аудан әкімі.

Әкімнің сөзінше, бүгінде екі нысан бойынша  ішкі  әрлеу, санфаянс  орнату жұмыстары  жүргізілуде. Нысандарды  пайдалануға  беру  мерзімі  2021  жылдың  қараша  айының  соңына  жоспарланған.  Осылайша жақын уақытта жалпы  90 пәтер беріліп, қоныс тойы тойланбақ.

Аудан бойынша жалпы кезекте тұрғандар саны – 739. Оның ішінде жетім балалар – 187, көп балалы отбасылар -69, әлеуметтік осал топтағылар – 279, мемлекеттік қызметшілер – 186 адам баспанаға мұқтаж. Өңірде аранайы өқрылған комиссияның шешімімен 17 үй апатты деп танылған дейді, – Абай Әлжанов. 

Өткен  жылы  жалпы  ауданы  5612,70 м2  болатын  60  пәтерлі  (жалға берілетін)  коммуналдық   тұрғын   үйдің   құрылысы   басталып, аяқталды.  Бұл мақсатқа  30,2 млн.теңге  бөлініп  қаражат  100%  игерілді.

Бұдан бөлек, ағымдағы  жылдың  желтоқсан  айының  соңында  2 бассейні, жаттығу  залы  және  ойын  бөлмелері  бар  дене шынықтыру-сауықтыру  кешенін  пайдалануға  беру  жоспарлануда.

«Ауыл-Ел бесігі»   бағдарламасын  іске  асыру  шеңберінде Олжабай  батыр  атындағы  ауылда  және  Тай  ауылдық  округінің Тайбай  және  Елтай  ауылдарында  көше  жарығын  салу  бойынша жобалау-сметалық  құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл жоба 2022 жылы толық жүзеге асырылады, -деді аймақ басшысы.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дені сау жастар – мықты ұлттың кепілі

Дене тәрбиесі мен спорт – ұлт денсаулығының тірегі. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және кешенді түрде жүргізіліп келеді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img