spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады.

1 қарашада Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында және облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде және солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Таразда тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстік-шығысында жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда ертең түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Павлодар қаласында ертең күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img