Боз кілемге әлемнің 36 елінен бақтарын сынаған палуандар шыққан. 100 келі салмақта ақмолалық қарсыластарын қапы қалдырып алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Татарстанның астанасы Қазан қаласында өткен күрестен әлем чемпионатында 36 мемлекеттен 150 мықты өзара күш сынасқан.
«Ақмола облысының палуаны Бекбол Нұрланұлы 100 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Оның жеке жаттықтырушысы Нұрлан Мәуленұлының айтуынша Бекбол төрт мәрте жеңіске жеткен», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Болшина.
Финалдық бәсекеде Бекбол Ресейлік қарсыласына еш мүмкіндік бермей жүлдені жұлып алды.