spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 16, 2025
15.2 C
Kokshetau

Зерендіде орманнан 273 түп қарағай қазып алғандар ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Зеренді ауданында орманнан 273 қарағай қазып алғандар ұсталды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыстық полициның кезекші бөліміне белгісіз тұлғалардың жас қарағай қазып жатқандығы туралы хабарлама түскен.

«Айтқан жерге келген полицейлер Семей қаласының 55 жастағы және Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Олар «DAF» маркалы жүк көлігіне 273 қарағай тиеген. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 340-ші бабы 1-бөлігі «ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы «келу міндеттемесі» таңдалды», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарын, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Арлан Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды

Қазақстан чемпионатының плей-офф финалы аясындағы серияның төртінші кездесуінде көкшетаулық «Арлан» Өскеменнің «Торпедосын» 2:1 есебімен жеңіп, Pro Hokei лигасының үш...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика