spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
15.3 C
Kokshetau

Фейк: Балаларды вакцинациялау ауылдан басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Желіде таралған балаларды вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазнет қолданушылары елімізде балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған», делінген хабарламада. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі боа ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды», – деп хабарлады ведомстводан. Қазақстандықтар балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялауға байланысты фейктер бұған дейін де таралған. « COVID-19-ға қарсы егілмегендерді мектепке кіргізбейді « деген жалған ақпарат таралды. « Балаларды екпе алмаған ата-анасынан жасырын әкету үшін мектеп автобустары сатып алынды» – деген фейк жарияланды. Сондай-ақ, б алаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейді , о қушыларды алдап, вакцинация келісіміне қол қоюға мәжбүрлеп жатыр деген жалған ақпараттар таралды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика