spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
13.2 C
Kokshetau

Ақмолалық үздіктер «Елбасы медаліне» ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушыларына медальдар табысталды. Марапаттар күміс және қола деңгейдегі 29 қатысушыға берілді,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медальдарды табыстау рәсімі 2021 жылғы 20 қазанда жүлдегерлердің тұрғылықты жері бойынша барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.
Облыстағы алғашқы күміс медальді № 1 П. Исаков атындағы Ақкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гайворонская Надежда иеленді. Гайворонская Надежда 12 ай бойы күміс деңгейдегі бағдарламаны орындап, лайықты медаль алды.
«Бағдарламаға қатыса отырып, жастар өз уақыттарын басқаруға, мақсаттар қоюға, оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді», – атап өтті ұйымдастырушылар.

2020-2021 жылдары Ақмола облысының 122 қатысушысы қола медальға ие болса, 1 қатысушы күміс медальмен марапатталды.
Басқарманың мәліметтеріне сәйкес, «Елбасы медалі» жобасына қатысуға қабылдау жалғасуда.

Айта кетейік, «Елбасы медалі» – елдің ең ауқымды challenge болып табылады. Қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейлерін таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарламаны бастауы керек. Осы уақыт ішінде жастар өз дағдыларын 7 бағытта дамытады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img