spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 13, 2025
14.5 C
Kokshetau

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Егіндікөл ауданындағы жолдардың сапасы жақсарған

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жеті жоба іске асырылды. Республикалық бюджеттен 203,1 миллион теңге бөлінген. Осы жобалардың арқасында ауыл аралық жолдар мен Егіндікөл ауылының ішкі жеті көшесіне асфальт төселген,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы брифинг кезінде аудан әкімі Ерлан Мұхамедин жеткізді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы өңірде бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Егіндікөл ауылының жеті көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді,-деді ол.

Оның айтуынша, биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасынан басқа  Егіндікөл ауданы ауылдарының жолдарын асфальттауға «Өңірлерді дамыту»бағдарламасы шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген.

Мәселен, облыстық бюджет есебінен 147,5 млн. теңге көлемінде Егіндікөл және Полтавское ауылдарының көшелеріне асфальт төселді. Ұзынкөл ауылында кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Алакөл ауылдық округінің және Спиридоновка ауылындағы көшелер жергілікті бюджеттен бөлінген 22,6 миллион теңгеге жөнделді,-деді аудан әкімі брифингте.

Аудан әкімінің сөзінше, облыс басшылығының қолдауының арқасында биыл ауданның 4 ауылындағы 22 көшенің сапасы жақсарған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) былтырғы сәйкес кезеңмен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика