spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері «30 игі іс» акциясы аясында қан тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін ақмолалық полицейлер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы шеңберінде қан тапсырды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер медициналық тексеруден өтіп, ал зертханашылар әр донордың қан тобын анықтады.
«Бұл акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Полиция департаменті қан тапсыру туралы шешім қабылдады. Біздің акция науқас балаларға, донор қанына мұқтаж барлық адамдарға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл акция бір реттік емес екенін атап өткім келеді. Мысалы, Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің қызметкері полиция майоры Серғазы Мейерманов Көкшетау қаласының құрметті донор болып табылады, барлық мемлекеттік қызметшілерді қан тапсыруға шақырғым келеді» – деп атап өтті Жедел – криминалистикалық басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Мұратұлы Дүтбаев.


Полиция майоры Серғазы Мейермановтың өзі 20 жыл бойы қан тапсырып келе жатқанын және оның қаны адамдардың өмірін сақтап қалатынын мақтан тұтатынын айтады. Полицейдің айтуынша, ол алғаш рет 18 жасында досының әкесіне қан тапсыруға келген. Кейінірек Серғазы сирек фенотипі бар донор екені белгілі болды. Бұл туралы білгеннен кейін ол қанын қанша қажет болса, сонша беріп, осылайша адамдарға көмектесуді жөн деп тауыпты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img