spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының «Степногор-Заводской» тасжолында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 24-де күндізгі сағат 12:20 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Степногор-Заводской» автожолының 6 шақырымында жол апаты болғаны хабарланған. Анықталғандай, Заводской кенті бағытында жүріп келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған.

«Салдарынан Степногор қаласының қалалық ауруханасына 36 жастағы жолаушы жеткізілді, ол сағат 21:10-да жансақтау бөлімінде көз жұмды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Тиісті сараптама тағайындалды», – деді ведомстводан. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1 бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика