spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
-2.5 C
Kokshetau

«Көкшетау-Қостанай» тас жолында жол апатынан 41 жастағы жолаушы көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облысында «Көкшетау-Қостанай» тас жолында екі көлік соқтығысып, 41 жастағы жолаушы көз жұмды, тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Қостанай» автожолының 25 шақырымында, яғни Еленовка ауылының маңында болған. Бұл туралы ағымдағы жылдың 22-ші қазанында сағат 16:15-те Зеренді АПБ кезекші бөліміне хабар түскен.

Анықталғандай, Қостанай қаласына бағыт алған «Volkswagen Golf» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) рульді басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны басқаруған «KIA Sportage» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты. «Салдарынан алған дене жарақаттарынан «Volkswagen Golf» көлігінің жолаушысы Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.

Бұдан бөлек, Ақмола облыстық ауруханасына түрлі дене жарақатымен «Volkswagen Golf» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, «KIA Sportage» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді», – деді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика