spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 16, 2025
8.6 C
Kokshetau

Сандықтауда «Қазақстан – Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан – Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Сандықтау ауданының Каменка ауылдық округінің агротехника колледжінде өткен шараның мақсаты – жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңызын жеткізу. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөлін көрсету. «Бұл жыл – біздің еліміз үшін ерекше жыл. Егемендікке қол жеткізгенімізге 30 жыл толады. Бірақ қанша жыл өтсе де, біз тарихымыздағы ұлттық қайраткерлер мен батырлардың ерлігін ұмытпауымыз керек. Мұндай форумдар – жас ұрпақта патриотизм сезімін оятатын, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын және оның рухын көтеретін бірегей жоба. Жалпы форум жоғары деңгейде өтті. Өте мазмұнды кездесу болды», – деді Каменка ауылдық округінің әкімі Майя Әркенова.

Шара соңында ауылдың дамуына үлес қосып келе жатқан белсенді жастар марапатталды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика