spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Облыстық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Болашақ сарайында «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдеп-ғұрыптары» атты облыстық эссе байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Ақмола облысының Әділет департаменті, ішкі саясат, білім, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармалары  және  Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Байқау отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді дәріптеу және насихаттау, қазақ халқының рухани және мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Байқауға  облыс бойынша 350 астам оқушы қатысып, білім деңгейін айқындады.

         Олар өз ойларын көркем тілмен жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан отбасылық салт-дәстүрлермен байланыстыра білді, бұл сондай-ақ ата-анаға  махаббат пен  құрмет,  отбасы мүшелеріне  мейірімділік,  сыйластық көрсету.

Нәтижесінде 14 үздік эссе Көкшетау, Степногорск  қалалары, Біржан сал, Бұланды, Атбасар, Қорғалжын, Ақкөл аудандары мектептері оқушыларының жұмыстары қазылар алқасы тарапынан  оң бағасын алды.

Байқау жеңімпаздары ұйымдастыру комитеттің  естелік сыйлықтары және алғыс хаттарымен марапатқа ие болды.       

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img