spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Көкшетауда жетекші медицина мамандары халыққа тегін кеңес беру үшін кездесулер ұйымдастыруда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы үш апта бойы коронавируспен сырқаттану көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта» тұр. Жергілікті билік аурудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Вакцинация қарқынының төмендеуі де ерекше алаңдаушылық тудырады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Алаңдаушылықты жою және азаматтардың барлық сұрақтарына жауап алу үшін денсаулық сақтау басқармасы жетекші медицина мамандарының халықпен кездесуін ұйымдастырды. Іс-шарада қала тұрғындары сырқаттану бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, кеңес алды.

Сонымен қатар, бірнеше науқасқа денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру тағайындалды. Ашық есік күніне келгендердің көбі – неврологиялық ауруы бар науқастар. Оның көпшілігі – COVID-19-дан кейінгі салдары. Штаттан тыс бас невропатолог, көпбейінді облыстық аурухананың неврологиялық бөлімінің меңгерушісі Мақшарип Мартазановтың айтуынша, постковид асқынуларымен күресу вакцинациядан әлдеқайда қиын.

«Әрине, тақырып қызықты емес. Дегенмен, біз коронавирсупен бірлесіп күресуіміз керек. Постковид синдромы ең алдымен жүйке жүйесіне әсер етеді. Соңғы деректер бойынша мұндай жағдайлар 80 пайыз кездеседі. Адамның жүйке жүйесіндегі ауытқулар әлдеқайда қауіпті және одан мәселе туындайды, содан кейін олар бізге жүгінеді. Осы салдардың барлығын тек қана вакцинацияның арқасында ғана алдын алуға болады. Адамзат баласы COVID-19 күресуде вакцинадан басқа әлі өзге құрал ойлап тапқан жоқ», – дейді Мақшарип Мартазанов.

Тәжірибелі дәрігерлерден кеңес алғандардың бірі – облыс орталығының 84 жастағы тұрғыны Владимир Рыбинский.

«Бүгін коронавирус туралы үлкен пікірталас жүріп жатыр. Адамдар әлі де вакцинацияның маңыздылығын түсінбейді. Бүгінгі таңда ең бастысы, өзіңді, отбасыңды, айналаңды сақтап қалу үшін-вакцинациядан өту керек. Мен жасыма қарамастан, мен екі егуді де алдым. Ең бастысы – қорқудың қажеті жоқ», – дейді зейнеткер.

Сондай-ақ, кездесу өтетін жерде мәдениет сарайында екпе егу пункті де ұйымдастырылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img