spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 14, 2025
15.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданында жастармен TEDx кездесу өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Бурабай ауданының жас мемлекеттік қызметшілерімен және белсенді жастарымен TEDx форматында онлайн-кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aqmola News» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шарада департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жакиялин мен аудан әкімінің аппарат басшысы Ардақ Смаилов қатысты.

Айдос Жакиялин өз сөзінде жастардың жемқорлықтың барлық қоғам үшін аса қауіпті екенін әрі елдің болашағы өскелең ұрпақтың азаматтық позициясына байланысты екенін атап өтті.

«Жастарды сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен адалдыққа барынша тарту қажет. Оның ішінде жастар арасында барлық мүмкін болатын алаңдарда сыбайлас жемқорлық мәселесі кеңінен талқылануы тиіс. Дәл осы TEDx кездесуі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі түрлі ұсыныстар мен пікірлерді анықтау және қарастырудың өзекті форматына айналмақ.», – дейді Айдос Жакиялин.

Ал аудан әкімінің аппарат басшысы Ардақ Смаилов жинақтаған кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларды өзін-өзі дамытуға, патриоттыққа, адал болуға шақырды. Кездесу барысында өңірдің жастар қозғалысының көшбасшылары аталған саладағы өз ойларымен бөлісті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшелік бишілер республикалық байқауда үздік нәтиже көрсетті

13 сәуір күні   Шымкент қаласынада  түрлі өңірлерден 30 шығармашылық ұжым дар қатысқан «Нұрлы көктем»  халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Тәжірибелі хореограф...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img