spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Мәдениет өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау шараларын талқылады

Сондай-ақ...оқыңыз

        Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Парасат жолы» коворкинг-орталығында өңірдің мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша семинар өткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News»басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жаңбырбайұлы Жақиялин, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Данияр Маратұлы Каконов қатысты.

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова семинарды аша отырып, іс – шараның басты мақсаты-Ақмола облысының мәдениет саласындағы квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комплаенс қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ж. Жақиялин өз сөзінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттілігін атап өтті. Семинар қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі мақсаттарын, міндеттері мен принциптерін жеткізді.

Семинарды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Д.М. Каконов жалғастырды, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмыс қағидаттарын егжей-тегжейлі көрсетті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістері туралы айтып, мысалдар келтірді.

Семинардың барлық қатысушылары белсенді қатысып, қызу пікір алмасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері бойынша семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Семинарды қорытындылай келе, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А.Б. Сәбитова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img