spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
3.8 C
Kokshetau

21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазгидрометтің болжамынша Жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндіз нөсер жаңбыр, қар жауады.

Тек шығыста және солтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батыс және оңтүстік-шығысында, орталығында тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, батысында, оңтүстік-батысында, солтсүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында соққан желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түркістан облысында түнде таулы аудандарында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз таулы аудандарында екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Маңғыстау облысының түнде батысында, солтүстік-шығысында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Казақстан облысында түнде шығыс облысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі, күндіз батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі, батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейіп, солтүстігінде түнде тұман күтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика