spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар іздестірілуде, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қазанның 20-да түнгі сағат 23:53-те Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне Айдабол ауылының 36 жастағы тұрғынынан Сандықтау ауданының Құмдыкөл ауылында тұратын әкесі 1955 жылғы Қайыржан Баржақсымұлы Баялин және анасы 1954 жылғы Алтынай Балтақожықызы Баялинаны іздеп табуға көмектесу туралы өтініш түсті.

«Ерлі-зайыптылар қазанның 20-да Зеренді ауданының Қошқарбай ауылына дала жолдарымен бет алған және Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы орман алқабында адасып кеткен. Ақау шыққан «Хонда автокөлік орманың ішінде қалдырып кеткен. Жоғалған адамдарды іздеуге Зеренді және Сандықтау аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы бағытталған. Іздеуге жергілікті тұрғындар, еріктілер де тартылды», – деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір мәліметке ие адамдар болса, «102» телефоны арқылы хабарласуын сұрайды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика