spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
21.2 C
Kokshetau

Елімізде халық санағынан онлайн өту уақыты ұзартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініштер түскен. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы «Aqmola News» Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

«1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5 938 259 адамға сауал жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді», – делінген бюро хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет!» деп аталатын ТEDx...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img