spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Мәжілісте 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Парламент Мәжілісінің отырысында Қаржы және бюджет комитеті алдағы екі жылдың бюджетін бекітті, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Ұлттық қордан 2022-2024 жылға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында елдің 2022-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы 2020 жылғы ЖІӨ бойынша есептік деректер және 2021 жылдың нақтыланған бағалануы, әлемдік экономиканың өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары және тауар нарықтарындағы әлемдік бағалардың өзгеру үрдістері ескеріле отырып қалыптасқаны айтылған.

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын дайындау кезінде базалық сценарий негізге алынды. ЖІӨ-нің нақты өсуі 2022 жылы 3,9% деңгейінде болжанып отыр, одан әрі 2026 жылы 5,2%-ға дейін өседі. Алдағы орта мерзімді кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 4,8%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2022 жылы 87,1 трлн теңгеден 2026 жылы 119,9 трлн теңгеге дейін өседі. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылы 10,7 мың АҚШ долларын құрайды, ол 2026 жылы 14,2 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Бюджетті жоспарлау кезінде орта мерзімді кезеңге болжамда бір баррель үшін неғұрлым консервативтік баға 60 доллар шамасында бекітілген.

Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізін 2022 жылы 4-6%, 2023-2024 жылдары 4,-5% шегінде айқындап отыр, ол кейіннен 2025-2026 жылдары 3,-4%-ға дейін төмендетіледі»,- делінген заң жобасында.

Белгілі болғандай, төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан түсетін трансферттер 2022 жылға екі трлн теңге көлемінде болжануда.

  • 2022 жылға – 2,4 трлн теңге;
  • 2023 жылға – 2,2 трлн теңге;
  • 2024 жылға – 2 трлн теңге.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 550 млрд теңге, 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 млрд теңгеден нысаналы трансферт тарту көзделген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img