spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан көмірінен фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі. Бұл туралы Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Көміріміз, әсіресе Шұбаркөл көмірі бәсекеге өте қабілетті. Одан фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі. Көмірдің аз жағылуына байланысты өндіріс көлемі қысқарған жағдайда көмір кеншілеріне не істеу керектігін ешкім айқан жоқ. Бізге көмір кеніштерінің төңірегіне инвесторлар келуі үшін еркін экономикалық аумақ құруға мүмкіндік беріңіздер, – деді ол елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі аясында ұйымдастырылған брифингіде. 

Оның атап өтуінше, аталған еркін экономикалық аймаққа келген инвесторларға салықтан және одан басқа да жеңілдіктер беру қажет.

– Олар 5-10 жыл бойы салықты мүлдем төлемей-ақ қойсын. Бірақ, олар көмірімізден біз қазір сатып алып отырған химиялық және фармацевтикалық өнімдерді шығара бастайды. Біз қосылған құны біршама өнімдерді саудалайтын боламыз, – деді Николай Радостовец.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img