Көкшетауда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай облыстық дебат турнирі басталды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир екі жақты позицияда диалогқа қатысу кезінде балалардың объективтілігін, шешендігін, принциптілігін тексеру, облыс жастары арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталмақ.
«Турнирге облыстың әр аймағынан 9-11 сыныптарда оқитын жалпы саны 80 бала қатысады. Осы оқу жылында ашылған «Новички» командасы да турнирге қатыспақ», – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жалпы қазір облыста 5368 бала қатысатын 348 дебат клубы бар. Өткен оқу жылында клубтар саны 196 болса, қазір олардың саны 348-ге жеткен.