spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
1.2 C
Kokshetau

Ақмолада із-түзсіз жоғалған адам ұрлық жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам ұрлық қылды. Полицияның мәліметінше қылмыстық іс бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды «Aqmola News».

17 қазан күні Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөлімшесіне арызданған 59 жастағы жергілікті тұрғын Әуезов көшесіндегі аулалардың бірінен шойын құдықтың қақпағын жымқырып кеткенін айтып жүгінген. Шығын көлемі 20 мың теңгені құраған.

«Ұрлық жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. Соның көмегімен патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері екі адамды ұстады. Күдіктілердің бірі Целиноград ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның 16 қазаннан бастап хабар-ошарсыз жоғалған адам ретінде іздеуде тұрғаны анықталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика