spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
9.7 C
Kokshetau

Асқар Мамин: Қазіргі міндет – 60 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптастыру

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидахуалды тұрақтандыру бойынша Үкімет алдында тұрған басты міндетті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Өңірлердің бәрінде де вирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеді, ауыр науқастар мен стационарда, амбулаторияда емделіп жүргендер саны азайды. Дегенмен, 6 өңір әлі де «қызыл аймақта». Бұл – Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қазір біздің алдымыздағы міндет – 60% ұжымдық иммунитетке қол жеткізу», – деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы вирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 8 миллионнан астам адамның, екінші компонентін 7,2 миллионға жуық адам алғанын еске салды.

«Сонымен қатар, қазіргі уақытта тұмауға қарсы егу науқаны жүруде. 1,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды. Жалпы, екпе науқаны бойынша жұмысты жалғастыру қажет», – деп түйіндеді Асқар Мамин.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика