spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес, ағымдағы жылғы қазанның 18-де түнгі сағат 00:46-да Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 387 шақырымында, яғни Красный Горняк ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, істен шыққан «Toyota Camry» автокөлігі тиелген «Газель» автокөлігі (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны) алда тұрған «MAN» автокөлігімен (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы) соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Газель» автокөлігінің екі жолаушысы, яғни 34 және 29 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары оқиға орнында көз жұмды. Ал, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Ақкөл ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға кезінде екі жүргізуші де сау болған», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img