spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.6 C
Kokshetau

Көкшетауда Ресей азаматы қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп, мерт болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ер адам қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 18-ші қазанында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем көлігінде 35 жастағы ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар түсті.

«Тексеру барысында полиция қызметкерлері қазанның 18-де сағат 18:40-та облыс орталығындағы қонақ үй кешендерінің бірінде нөмір жалдаған ер адамның мейрамханаға барғаннан кейін өз бөлмесіне көтеріліп, терезеден кешеннің ауласына секіргенін анықтады. Салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ер адам Ресейдің Омбы қаласының тұрғыны болып шықты», – деп түсіндірді ведомстводан.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі қонақ үй тұрғынының өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-ші бабының 1-бөлігі «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика