spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ералы Тоғжанов вакцинация жоспарын кешіктірген басшыларға шара қолдануды ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинация қарқынын кешіктірген әкімдердің орынбасарларына тәртіптік шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 қыркүйектен бері вакциналау жоспарының ең төменгі орындалуы 10-13 пайыз көлемінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Қостанай облыстарында байқалып отыр. Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакцинация қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ», – деген Үкімет басшысының орынбасары әкімдіктердің жауапкершлігін күшейтетін нақты шараларды ұсынды.

«Осыған байланысты өңір әкімдеріне вакцинацияны ұйымдастару бойынша Шығыс Қазақстан облысының үлгісімен түбегейлі шешімдер қабылдау керек деп есептейміз. Вакцинация жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз», – деді Ералы Тоғжанов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика