spot_img
Жексенбі, Қазан 5, 2025
8.2 C
Kokshetau

18 қазан «Рухани келісім күні»: Степногорск қаласында 30 түп қарағай отырғызылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласында 18 қазан Рухани келісім күніне орай «Тәуклсіздік алаңы» саябағына 30 түп қарағай отырғызылды,деп хабарлайды «Aqmola News» қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс шара Қазақстан республикасының 30 жылдығына арналды.

Ағаш отырғызу рәсіміне «Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Достық және шығармашылық үйінің» қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. 

Бүгінгі мереке, яғни «Рухани келісім» датасының өзектілігі – елімізде тіршілік етіп жатқан азаматтардың ұлтына және дініне, жынысы мен нәсіліне, жасы мен нанымына қарамастан, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау.Сонымен қатар табиғатты қорғау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру және эстетикалық қарым-қатынасты жақсарту басты мақсат болып отыр,-дейді қала әкімдігінің хабарламасында. 

Айта кетсек, 18 қазан «Рухани келісім» күнімен облыс әкімі Ермек Маржықпаев барша ақмолалықтарды құттықтап, нақ осы күнді адамдар арасындағы татуластық, өзара түсіністік, қайырымдылық пен бір-біріне көмек күні деп атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика