spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Щучинск қаласында ер адамды пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Щучинск қаласында жанжал кезінде ауыр пышақ жарақатынан 45 жастағы ер адам қаза болды. Араға 10 күн уақыт салып адам өліміне күдікті азамат полицияның құрығына ілінді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Бурабай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы әкімшілік учаскелерін аралау кезінде Щучинск қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйітін таптты. Дереу оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанған.

«Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғын екі бірдей пышақ жарақатынан көз жұмғанын анықтады. Оқиға орнын тексеру кезінде криминалшы маман Тоқсанбай Ботаев 27 саусақ іздері анықталып, ДНҚ үлгілері, микробөлшектер мен шайындылар табылды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Мұқият жүргізілген дактилоскопиялық зерттеулердің нәтижесінде күдікті адам ізі суымай анықталды. Ол осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып үлгерген Жақсы ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.
Арада бірнеше сағат өткенде күдікті жігіт Нұр-Сұлтан қаласынан табылды.

«Ер адам өз кінәсін толықтай мойындап, бірге спирттік ішімдік ішу кезінде жанжал туып, оның ақыры өліммен аяқталғанын айтты. Қазіргі уақытта күдікті адам Бурабай ауданында уақытша изоляторға қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img