spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетаулық жасөспірімдер көшпенділер мәдениетінің жарқын үлгісі ұлттық киімді паш етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шахмет Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Дәстүр заман ағымында» атты ұлттық киім-кешек байқауы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс шараның бас ұйымдастырушысы Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің әкімшілігі.

Осы арқылы қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениетінің көрінісі болған ұлттық киімді насихаттауға ықпал ету.

Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Ведомствоның мәліметінше, әр қатысушы өзінің жасаған ұлттық киімдеріне ат қойып, ұлттық нақыштағы әшекейлерді ұсынды. Дәстүрлі ұлттық костюм бүгінде танымалдылығын жоғалтқан жоқ, жарқын түстермен, тартымды декормен және лаконикалық кесумен назар аудартты.

«Байқауға қатысушылар танымал көшпенділердің мақтанышына айналған және дала мәдениетінің байлығын көрсететін ұлттық киімге жаңаша көзқараспен қарауға ықпал етті. Олар өз біліктіліктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Сайыстың қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Сағит Жансұлу бас жүлдені жеңіп алды.
1 орынды 9 сынып оқушысы Апеисова Меруерт иеленсе, 2 орынды 8 сынып оқушысы Мұхамедрахим Камила еншіледі.  Ал, 3 орынды 10 сынып оқушысы Дузбаева Амина жеңіп алды.

Барлық қатысушылар əртүрлі номинацияларға ие болып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды .

Байқау «Қадір таңы» спектаклінің көрсетілімімен аяқталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img