spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

«Бабалар рухына тағзым»: Көкшетауда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бабалар рухына тағзым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ел аумағының жоғары оқу орындарының ғалымдары , тарихшылары мен Ресей, Украина сияқты шет мемлекеттердің профессорлары қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жалпы, ел қауіпсіздігін сақтау мақсатында онлайн форматта өткізілген конференцияға Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарының беделді ғалымдары қатысып отырды.

Ғалымдар баяндамасында қазақ жерінің қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихындағы елеулі кезеңдерді жіктеп, ел мүддесі үшін күрескен батыр бабаларымыздың бейнесін ашуға тырысты.

Жиын барысында ғалымдардың көпшілігі  Абылай бейнесіне ерекше тоқталды.

Абылай хан – қазақ халқының тарихында үш жүздің басын қосып, орда тіккен, ту көтерген көсем әрі қолбасшы ретінде ерекшеленеді. Ол халқымыздың басына түскен небір қауіп-қатер кезінде асқан көрегенділікпен, жауға төтеп берерлік күш қалыптастырды. Патша үкіметінің де отарлау саясатына қарсылығын білдіріп, өз халқының мүддесі үшін күресті,-деді Ш, Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Аманай Сейтқасомов жиынға модераторлық еткен  алғы сөзінде.

Өткен жылдарда «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы Көкшетаудан бастап алып, Алматы, Шымкент,  Түркістан, Шығыс Қазақстан сияқты бірқатар ел аумақтарындағы Абылай ізімен жүріп өтті.

Бұл туралы конференцияда сөз алған облыс әкімінің орынбасары экспедиция жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы мен оның барлық мүшелеріне алғыс айта отырып, жобаның қоғамда үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.

Бұл экспедиция төл тарихымызды қайта түгендеуге мүмкіндік берді. Жоба аясында ғылыми жинақ құрылып, Абылай хандай асқақ билеушіміздің өнегелі істеріне, Алаш жұртына байланысты зерттеулер топтастырылды,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Ал, Новосибирск мемлекеттік университетінің жетекші ғалымы Леонид Бобров Абылай хан туралы сирек кездесетін деректерді өз баяндамасына арқау етті.

Оның айтуынша, патша үкіметі мен екеуара жазысқан хаттары, отаршылдыққа қарсы үндеуі мен осы тектес өзге де мәліметтер бүгінде Омбы облыстық архивінде сақтаулы тұр.

Сонымен қатар ол Абылайханның өзі ұстаған қылышы туралы да айта кетті. Кейіннен Уәли ханға табысталған қылыш бүгінде Санкт-Петербург қаласында ұлттық қордан орын алған.

Конференция барысында «Бабалар рухына тағзым» атты видеофильм көрсетіліп, «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының мүшелеріне Ақмола облысы әкімдігінің алғыс хаттары табысталды.

Жиын соңында мектептер мен балабақшаларда және жоғары оқу орындарында  «Тұлға тану» пәні енгізіліп, отандық құнды тарихымызды жинақтауға үлес қосып келе жатқан тұлғалар туралы мәліметтер қоры құрылса,

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойы кезінде «Абылай хан-Әбілмансұр» атты қала аты, мекеме атттары жаңартылса;

Щучинск қаласының атауы Абылай хан қаласы атына өзгертілсе. деген сияқты бірқатар ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img