spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
2.9 C
Kokshetau

Ақмолада шалғайдағы ауылда өрт сөндіру бекеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл ауданының Азат ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа нысан «Алтын Жер Астана 2020»  ауыл шаруашылығы кәсіпорны базасында құрылған. Мемлекет пен жекеменшік серіктестік шеңберінде ұйымдастырылған бұл жоба Ақкөл ауданындағы үшінші өрт сөндіру бекеті болып отыр, деп хабарлайды «Aqmola News».

Өрт сөндіру бекеті шамамен 1067 адам тұратын Азат ауылын және жақын орналасқан ауылдық округтерін өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етпек..
Өрт сөндіру бекетінің жұмыс істеуі тәулік бойы және жыл бойы жүзеге асырылатын болады, онда ауысым бойынша  6 адам атқарады.
Жаңа нысанды әзірлеу кезеңінде Ақкөл қаласындағы 26-өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамы Ақкөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қолдауымен бұрын жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде болған өрт сөндіру автомашинасына жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ әкімдіктен 590 мың теңге бөлінген қаражатқа өрт сөндірушілерге қажетті қару-жарақ пен жауынгерлік киім және жарақ сатып алынған.
Өрт сөндіру бекеті «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ базасында орналасқан және бекеттің жеке құрамына жұмыс істеу үшін жағдай жасалған.
«Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражбен қамтамасыз етілген. Телефон байланысы жұмыс істейді. Ал тәуліктік әскери кезекшілікке ауыл тұрғындарынан жасақталған бекеттің жеке құрамы жұмыс істемек. Бұл жеке құрам Ақкөл қаласындағы 26 өрт сөндіру бөлімінің базасында оқытудан өткен.

«Жаңадан құрылған команда өрт шыққан жерлерге шығып қана қоймай басқа да жерлерде болған төтенше жағдайларды жоюға, қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмектесуге және елдімекен тұрғындары арасында үгіт насихат жұмыстарын да жүргізетін болады», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған өрт сөндіру бекетін ұстауды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде «Алтын Жер Астана 2020» шаруа қожалығының директоры М.Төлекбеков өз мойнына алып отыр. Жаңа өрт сөндіру бекеті ауыл және аудан тұрғындарын төтенше жағдайлар мен техногендік сипаттағы апаттардан құтқаруға ұзақ мерзімдік кепіл болатыны анық.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img