spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың компоненттері құпияландырылған»

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцинацияны адамдарда жүргізілген тәжірибе, ал вакциналардың компоненттері құпияландырылған деп жазған автордың посты таратылуда. Бұл мәлімдемелер жалған.

Шын мәнінде, вакциналардың құрамы құпия емес. Онымен өндірушілердің веб-сайттарында және ресми ақпарат көздерінен танысуға болады. Сонымен қатар, ықтимал жағымсыз реакциялар және басқа препараттармен өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер де ұсынылған.
QazVac.
Sputnik V.
Hayat-Vax (Sinopharm).
Pfizer/BioNTech.
Vero Cell (Sinopharm)

Жаппай вакцинация тәжірибе немесе зерттеу емес. Қазақстанда қолданылатын СOVID-19 қарсы барлық вакциналар, олардың қауіпсіз екендігі расталған клиникалық сынақтардан өткен. Еріктілерде ауыр жағымсыз реакциялар анықталған жоқ. Препаратты алумен байланысты өлім-жітім де тіркелмеген. Сынақ нәтижелері ашық дереккөздерде жарияланды.

Пост авторы мәлімдемелері вакцинацияның қауіптілігін дәлелдейтін профессор Галина Червонскаяның сөзіне сүйенеді. Шын мәнінде, Червонская ешқашан иммунология бойынша зерттеулер жүргізбеген және атағы мен дәрежелері жоқ. Оның вакцинация жайлы мәлімдемелерін мамандар мен дәрігерлер бірнеше рет жоққа шығарды.

Демек, хабарламада шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпарат берілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img