Қазақстанда алғашқы инклюзивті «DeFacto FM» интернет-радиосы пайда болды. Оны талдықорғандық мүмкіндігі шектеулі жандар ашты,деп хабарлайды «Aqmola News».
Гүлвира Таубалдинова: «Адамдар маған сенбеді. Олар мүгедектігі бар адамдардың қалай жұмыс істейтінін түсіне алмады»
Гүлвира Таубалдинова — «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Нұрмед» корпоративтік қорының президенті, ал соңғы уақытта Талдықорғандағы #DefactoFm инклюзивті радио жобасының жетекшісі әрі авторы. Инклюзивті радионы ашу идеясы Гүлвира Таубалдинова бірнеше жыл бұрын келген. Идеяны жүзеге асыру үшін жабдықтар, пікірлестер тобы және басқалардың қолдауы қажет болған.
«Мен мүмкіндігі шектеулі жастарға баса назар аударуға тырысамын. Адамдар маған жиі келіп, өзін қызықтыратын сұрақтар қояды , бірақ мен оларға әрдайым жауап бере алмаймын, себебі менің де білмейтінім көп. Содан кейін адамдар әртүрлі екенін ойладым, яғни кейбіреуі сұрағын ашық қоя алады, ал басқалары ұялып үйде отырады. Сондықтан радио, YouTube арнасын ашу туралы , ол арқылы алыс аймақтарда тұратындар пайдалы ақпаратты біліп, сұрақтар қойып, оларға жауап алатын болды», – дейді Гүлвира.
Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарды жақсы түсінеді, себебі өзі де осы жолдан өткен.
«Бір жыл бойы инклюзивті интернет-радио идеясы ойымда болды және неден бастау керектігін елестете алмадым. Кейін жергілікті «Жетісу» арнасына бардым, бәрін сұрадым. Алайда адамдар маған сенген жоқ. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың қалай жұмыс істейтінін еш түсінбеді. Содан кейін мен бұл жобаны қағазға түсірдім, «Азаматтық Альянсқа» 1 000 000 теңге грант алуға өтінім беріп, ұтып алдым. Содан кейін жабдықты – микрофондарды, ноутбукты, пультті, яғни радиоға ең бірінші қажет нәрсенің бәрін сатып алдым. Біз 2020 жылдың 20 желтоқсанында ресми түрде ашылдық», – деп еске алады жобаның авторы Гүлвира Таубалдинова.
Ол бұл жерде көбіне мүмкіндігі шектеулі жастардың жұмыс істейтінін айтты. Себебі олар өздеріне ұқсас жандарды түсіне және сезіне алады.
Мүгедектігі бар жастар арасында шығармашыл балалар көп, бірақ оларды әдеттегі жағдайдан шығару қиын.
«Мен бір қызға сіз жүргізуші, радионың бет-бейнесі боласыз» десем, ол: «Мен тіпті бұл туралы армандауға қорқатынмын», – дейді.
Барлығын өздері үйренген. Уақыт өте келе жобаға баспа басылымдары мен теледидардан таныс журналистерді тегін шеберлік-сағаттарымен шақыра бастаған. Джинглдерді (джингл – радиобағдарламадағы айдарларды бөлетін қысқа музыкалық фраза) радиода жұмыс істейтін жігіттердің дауысымен өздері жазған.
Радио жұмыстарына І. Жансүгіров аындағы ЖМУ студенттері – болашақ дефектологтар, психологтар, журналистер көмектеседі, олармен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Алғашқы кезде олармен тіл табысу оңай болған жоқ, студенттердің кетіп қалған кездері болған. Бірақ Талдықорғандағы алғашқы инклюзивті интернет-радионың жұмысшыларына көмектесуді жалғастырғысы келетіндер қалған.
«Жетісу» телеарнасының бас редакторы Евгения Присяжная жарты жыл осында жастарға тегін білім берді, яғни оларға дикция қойып, сұхбат шеберлігіне, кәсіби журналистік жазу дағдыларын үйретті.
«Ол шын көңілімен келіп, тәжірибесімен бөлісіп жүрді. Бізде психолог бар, яғни олармен тимбилдингтер, өзін-өзі бағалауды арттыру бойынша тренингтер өткіземіз.
Біздің бұл жұмысымызды мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қолдайды», – деп атап өтті Г. Таубалдинова.
Гүлвираның жоспарында мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпараттық арнаны дамыту, онда әлеуметтік қолдау мәселелері, заңдар жарияланады. Қазір мысалы, медициналық сақтандыру бойынша үлкен шолу материалы дайындалып жатыр, онда мүгедектігі бар адамдарға не керек, оларға қайда жүгіну керек деген сұрақтарға жауап ізделеді .
Сондай-ақ Гүлвира Таубалдинованың командасы белгілі бір жетістіктерге жеткен мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы қысқаметражды деректі фильмдер түсірумен айналысады. Гүлвира мұны болашағынан күдер үзгендерді жігерлендірудің тамаша әдісі деп санайды. Қазір мұндай өнімдерге тапсырыс беру басталып кеткен. Мысалы, жуырда 9 мамыр мерекесіне орай бір мектепке видео түсірілген.
.«Біздің қосымшамызды Play Market-тен жүктеп алуға болады, қазір YouTube-арнасын дүр сілкіндіріп жатырмыз. Бізді бүкіл Қазақстан халқы қарайды. Қазір мен балаларды Алматыдағы журналистика мектебіне оқуға жіберемін. Радио толқыны мен жалпы цифрлық арна туралы ойластырудамын», – деді Г. Таубалдинова.
Нұрбек Тұрғанов 38 жаста. 2006 жылы жол апатына түсіп, содан бері мүгедектер арбасына танылған. Қазір Нұрбек мүгедектер қоғамының инватакси диспетчері болып жұмыс істейді.
«Екі жыл бойы мен DeFacto FM-де қосымша жұмыс істеймін, «Туған өлке» бағдарламасын және жаңалықтарды жүргіземін. Бұл менің хоббиім деп айтуға болады. Маған әртүрлі адамдармен жұмыс жасаған ұнайды. Журналист болу – менің көптен күткен арманым», – дейді Н. Тұрғанов.
Қарлығаш Бекенова, І топтағы мүгедек. Массажист болып жұмыс істейді.
«Біз бұл жобаны алғаш бастаған кезде күмәндандық. Бірақ радио жұмыс істей бастағанда, қатты қуандық. Бұл Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін қамтитын алғашқы радиостанциялардың бірі. Мен жұмыс істегенмен, айналысатын сүйікті ісім болған жоқ. Өзімді журналистика саласында, радио жүргізушісі болып сынап көруді шешкен сәтте менің талантым байқала бастады. Жаңа ақпарат іздеу, оны дыбыстау мені қызықтырды. Қазір өз жұмысым мен сүйікті ісімді қатар алып жүрмін. Өзімді дәлелдеуге келдім. Радиода әлеуметтік тақырыптарды көтеруге тырысамын», – дейді Қарлығаш.
Эльмира Смағұлова, І топтағы мүгедек:
«Бізге радио жобасы туралы айтқан кезде сенбедік. Радио жүргізушісі болу менің бұрыннан арманым еді. Арманым орындалды. Қазір керемет және қызықты адамдардан сұхбат аламын, бізге көптеген позитивті адамдар келеді. Маған радиодағы жұмысым ұнайды, өйткені барлық жаңалықтан үнемі хабардармын».
Әрине, мәселе де жоқ емес. Жабдықтар мен тұрақты қаржыландыруға мұқтаждық бар. Гүлвира мүмкіндігі шектеулі жандардың көпшілігі оның жобасы туралы білетініне, оларды шабыттандыратынына, дамитынына және әркім бұл жерден өзіне пайдалы нәрсе табатынына сенеді.