spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
4.1 C
Kokshetau

Біржан сал ауданында малшыны өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Біржан сал ауданының тұрғынын өлтіруге оқталған күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 9-ында Біржан сал аудандық ПБ кезекші бөліміне жылқы шаруашылығымен айналысатын жергілікті ЖШС-нің 55 жастағы директоры хабарласып, шаруашылық аумағында қылмыс жасалғанын айтқан.

«Анықталғандай, аталмыш серіктестік аумағында 56 жастағы жергілікті тұрғынға мылтықтан оқ атқан. Ол «оң аяғының жамбас тұсында, сол қолының шыбық тұсында оқ жарақаты» диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылды»,- деді ведомстводан.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол осы шаруашылықтың малшысы, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ішкі істер органында есепте тұрған 26 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті қылмыс жасалған жерден қашып, жол-жөнекей автокөліктерге отырып Целиноград ауданының Талапкер жетеді. Кейін жаяулап Максимовка ауылына барғанында тәртіп сақшылары оны қолға түсіреді.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 24-ші бабының 3-бөлігі, 99-шы бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», – деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика