spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында ер адам өзін-өзі өртеп ажал құшты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазан күні сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқаны туралы телефон хабары түскен.

«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынының өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ», – делінген ПД хабарламасында.

Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img