spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-27.8 C
Kokshetau

Ақмолада алаяқ танымал интернет қосымшасымен 7 адамды тақырға отырғызды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының жеті бірдей тұрғыны интернет қосымшасы арқылы ақшаларынан айырылып жап-жас алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Жедел іздестіру шарасы барысында криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Жас жігіт бірнеше өңірдегі бірнеше тұрғынды тақырға отырғызған болып шықты. Степногорск қаласының полиция басқармасына арызданған әйел белгісіз біреудің хабарландырулар сайтының пәтер жалдау бөлімінде алдап 40 мың теңгесін иеленгенгенін айтып шағымданған.

«Тергеу барысында күдікті жігіттің интернет қосымшасы арқылы алаяқтық әрекет жасап келгені анықталды. Адамдар хабарландыруда көрсетілген нөмірмен шарттарын келісіп, түрлі банк карточкаларына ақшалай алдын ала төлем жасаған. Бұдан кейін хабарландырудағы телефон өшірілген. Тек қыркүйектен қазан айына дейін ғана полицияға өңірдің зардап шеккен 7 тұрғыны жүгінді. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190 бабымен «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Полицейлер азаматтардан сақтық шараларын сақтап, егер зардап шеккен жағдайда бірден полицияға хабарласуға кеңес береді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика