ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыратын қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News».
«2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» №713 Үкімет Қаулысына қол қойды.
«ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруды қаулы етеді», — делінген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойған қаулы мәтінінде.
Бұл қаулы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.