spot_img
Жұма, Сәуір 18, 2025
1.6 C
Kokshetau

Еліміздегі табысы аз өңірлер белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылы ел тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысы артып, 116 мың теңгеден сәл асты, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.

«2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына орта есеппен 116 126 теңгені құрады және атаулы мәнде 2019 жылмен салыстырғанда 11,4% өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 6,8% өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 4,3% жоғарылады.

2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артты», – делінген ведомство хабарламасында.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді. Бұл өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 55-65% құрады.

Өткен жылы өңірлер бойынша халықтың жан басына шаққандағы табысының ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылық 3,4 есені құрады (2019 жылы – 4 есе).

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика