spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
11 C
Kokshetau

Ақмолада полиция әкімдер мен мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдарының лауазымды тұлғаларын нұсқамаларды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды «Aqmola News»   Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысының Полиция департаменті тікелей және ықпал ететін жағдайлар бойынша жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында Ақмола облысының елді мекендерінің жолдары мен көше-жол желісіне тұрақты негізде тексеру жүргізеді.

  • «Биылғы жылдың басынан бастап 2053 тексеру жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдардың атына жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде 257 хат жолданды», – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
    Жолдар мен жол құрылыстарын тиісті деңгейде күтіп-ұстамағаны үшін 168 лауазымды тұлға, оның ішінде ЖАО-ның 49 басшысы, ҚазАвтоЖол компаниясының 45 басшысы мен лауазымды тұлғасы және басқа жол ұйымдарының 74 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Әкімшілік полиция органдары берген жол белгілерін орнату және көлік жүретін жолдардағы шұңқырларды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы «… нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау» бойынша 4 лауазымды тұлға, оның ішінде Егіндікөл ауылының әкімі, Қазақавтожол Ақмола облыстық филиалының директорының орынбасары, Көкшетау қаласы мен Щучинск қаласының ТКШ басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Полиция мәліметінше бағыттағы жұмыстар жалғасуда және бақылауда тұр.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img