spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
21.2 C
Kokshetau

Қазақстанда вакцина ала алатын 12-18 жастағы 1,7 млн бала бар

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова неліктен Pfizer-дің 4 млн дозасы сатып алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Pfizer ең алдымен, балалар мен жүкті әйелдерге арналғанын бұған дейін де айтқан едік. Өйткені, ол бұл санатқа кіретін адамдарды қорғайтын жалғыз вакцина болып тұр. Яғни, бұл өте әлжуаз топ саналады. Мұның үстіне коронавирус жүкті әйелдерде қаншалықты ауыр өтетіндігін де білеміз. Оны дәлелдейтін мәліметтер де қолымызда бар. Қазір балалар офлайн оқуға көшті. Демек, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі айтарлықтай артып отыр. Сондықтан ең бірінші кезекте балалар мен жүкті әйелдер екпе алады», – деді ол. Осы ретте комитет төрағасы неліктен Pfizer-дің 2 млн адамға жететін 4 млн дозасын сатып алу келісімі жасалғанын түсіндіріп өтті. «Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде келісімі болған кезде вакцина ала алатын 12 мен 18 жастағы 1 млн 700 мың бала бар. Ал елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам әйел босанады. Осы сандарды қосқан кезде аталған санатқа кіретін халықты вакциналауға қажетті Pfizer дозасы шығады», – комитет төрағасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлық - қауіпті індет, алдын алу - міндет!» деп аталатын ТEDx...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img