spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Министр Цой Рfizer вакцинасы қашан жеткізілетінін айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Рfizer вакцинасын елге әкелу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рfizer бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Ақтық келісімшарт бойынша шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр. Күтіп отырмыз. Менің ойымша, жуықта – төртінші тоқсанда алумыз керек. Тиісінше тоңазыту жүйесі толықтай түзіледі. Жеткізу кезеңінің өзінде Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті -80 градустық режимге сай болғаны керек. Сондықтан, қажет жайдайдың бәрі жасалады», – деген ведомство басшысы, вакциналау бекеттерінде қазірдің өзінде вакцина сақтауға барынша жағдай жасалғанын еске салды.

Оның айтуынша, Рfizer вакцинасын сақтаудың тәсілі қолданыстағы тәсілмен ұқсас.

«Принципі ұқсас, тек сақтау температурасының режимі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады. Менің ойымша, вакцина келген кезге дейін тоңазыту желісі басқа вакциналарға да жарамды болады. Бұл келешекте де вакциналарды бірнеше температура режимінде күтіп ұстаудың көпсатылы механизмін қалыптастыруға жол ашады. Қазір әлемде жасалып жатқан кез келген вакцинаны сақтаудың мүмкіндігі пайда болады», – деді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img