spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Көкшетауда кәсіподақ қызметкерлері марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда кәсіподақтар күні қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенділер марапатталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен кәсіби мереке – Қазақстан кәсіподақтары күні бекітіліп,жыл сайын 10 қазанда атап өтіледі.

Кәсіптік одақтар үшін бұл мереке кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау бойынша еңбекшілердің еңбегін мойындау болып табылады.

Біздің облыста кәсіподақтар қатарында 79 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев қатысты.

Ол жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жұмысының маңыздылығын атап өтті.

«Кәсіподақтар алдындағы міндет те,жауапкершілік те ауқымды. Бұл, ең алдымен, азаматтарымыздың еңбек құқықтарын қорғау», – деді Тінекеев.

Ол кәсіподақтар ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру қажеттілігі туралы мәселелерді белсенді көтергенін еске салды. Бүгінде ол шешілді, ал кәсіподақтар ұжымдық шарттар арқылы еңбекшілерді қолдау шараларын жетілдіру үшін одан әрі жұмыс істеуге ниетті. Кәсіподақ жетекшілері де халық қалаулыларына үміт артады.

«Қаңтардағы парламенттік сайлауда біз 300 – ден астам өкілімізді түрлі органдарға – мәслихаттарға, үш адамды Парламентке өткізе алдық. Бүгінде бізде бес депутат бар, олар арқылы біз қажетті заңдарды орындау үшін Үкімет алдына сұрақтар қоятын боламыз. Еңбек кодексіне қосымша еңбеккерлердің құқықтарына қатысты бірқатар мәселелерді көтермекпіз», – деп атап өтті Мұхтар Тінікеев.

Ақмола облысында 10 салалық және жергілікті кәсіподақ, сондай-ақ 11 ірі кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Онда 80 мыңға жуық адам еңбек етуде. Ақмола кәсіподақтары Жергілікті атқарушы органдармен, кәсіпкерлер қауымдастығымен, Nur Otan партиясының облыстық филиалымен, еңбек инспекциясы басқармасымен келісімдер жасайды.

Облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов нақты істер туралы айтып берді. Мысалы, «Қазақалтын Logistik»ЖШС қызметкерлерінің еңбек мүдделерін қорғауға көмектесті. Оларды арнайы киіммен қамтамасыз етіп, жалақысын көтерді.

Сондай-ақ кәсіподақ орталығы «2021-2023 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек»арнайы бағдарламасын әзірледі. Ол аймақтың ұйымдары мен кәсіпорындарына таныстырылды.

Шара барысында бірқатар әлеуметтік сала оның ішінде білім, мәдениет, денсаулық, құқық қорғау саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге арнайы дипломдар мен төс белгілер табысталды.

Солардың бірі бұландылық кітапхана жүйесінің қызметкері Людмила Матарикина. Ол 2006 жылдан бері кәсіподаққа мүше болып келеді.

Маған бүгін федерация тарапы мақтау қағызын табыс етті. Менің еңбегімді бағалап, осындай көрсеткішке жетуіме ықпал еткен одақ жұмысына алғыс айтамын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Біздің ұжымда барлығы 44 қызметкер бар, олардың 38-і кәсіподаққа мүше. Біздің негізгі міндетіміз өз жұмысшыларымыздың құқықтарын қорғау,-дейді Людмила Евгеньевна.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img