spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
23.2 C
Kokshetau

Әлемдегі ең үлкен ұшақ Алматыға тағы қонды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматылықтар аты аңызға айналған Ан-225 «Мрия» ұшағын видеоға түсіріп алды. Белгілі болғанындай алып ұшақ Алматы әуежайына жаңармай құйып алу үшін қонған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Әуежайдың баспасөз қызметі алып ұшақтың қонағанын растады. Ол жанармай құю үшін тоқтады. Қазір қайта ұшып кетті.

Еске салайық, Ан-225 «Мрия» ұшағы Алматыға өткен жылдың көктемінде қонаған болатын. Ол кезде борт Қытайдың Тяньцзинь әуежайына COVID-19 қарсы күрес құралдары мен медициналық құрал-жабдық алу үшін аттанған.

Ан-225 «Мрия» – О.К.Антонов атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы жасаған аса ауыр жүк тасымалдаушы көліктік реактивті ұшақ. Әлемдегі ең үлкен ұшақ болып табылады. 1984-1988 жылдары Киев механикалық зауытында жобаланып салынған. 1988 жылы 21 желтоқсанда ол алғаш рет ұшты. 1989 жылы мамырда ұшақтың «Боран» ғарыш кемесімен бірге Байқоңырға ұшуы болды, ал маусымда ұшақ «Буранмен» бірге Ле Бруже авиациялық салонына қатысты. Қазіргі таңда Ан-225 «Антоновтың авиажелілері» әуе компаниясының құрамында коммерциялық жүк тасымалдарында қолданылуда. Сағатына 850 шақырым жылдамдықпен ұша алады

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика