spot_img
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
-13.8 C
Kokshetau

Ғарышта алғаш рет кино түсіріледі: Байқоңырдан арнайы экипаж ұшып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» көліктік басқарылатын кемесімен бірге «Союз 2.1 а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко ғарышта алғаш рет көркем фильм түсіру үшін Халықаралық ғарыш стансасына аттанды.

«Вызов» атты драма ғарышкердің өмірін құтқарып қалу үшін орбитаға ұшатын дәрігер әйел туралы. Ұшырылым сәтті өтті. «Союз 2.1а» зымыран-тасығышы Нұр-Сұлтан уақытымен 14 сағат 55 минутта ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылды. Оларды шығарып салуға көптеген қонақтар, соның ішінде танымал ресейлік актерлер, ғарышкерлер, Бірінші арна басшылығы, БАҚ өкілдері келді.

ХҒС-66 экипажы 3 сағат 17 минуттан кейін Халықаралық ғарыш стансасына жетуі тиіс.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады

Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық. 1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді» Бұл құжаттың мазмұнына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика