ҚазАқпарат – Қазақстанда өнідірілген вакцина Біріккен Араб Әмірліктеріне және басқа да мұсылман елдеріне жібермек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Otarbiopharm» иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтика зауытына барған кезде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент зауыт қызметкерлерімен әңгімелесу барысында жобаның маңыздылығын атап өтіп, отандық вакцинаның коронавирус індетіне қарсы күреске және халықтың денсаулығын күшейтуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.
«Баршаңызды құттықтаймын. Шын мәнінде, бұл – үлкен жетістік. Еліміз үшін қажетті өндіріс. Негізгі жұмыс орындалды. Бәрі дұрыс. Келесі жылы осы жұмысты жалғастырамыз. Вакцина өте тиімді. Гуманитарлық көмек ретінде бұл вакцинаны Ауғанстанға және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын! Ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте күрделі процесс, өндіріс. Шын мәнінде, дүниежүзінде, шетелде мұндай өндіріс жасау үшін үш-төрт жыл кетеді. Біз тоғыз айдың ішінде жұмысты орындадық. Сондықтан еңбектеріңіз мемлекет тарапынан жоғары бағаланады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске салсақ, ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысында жүр. Мемлекет басшысы QazVac вакцинасын шығаратын Қордайдағы зауытқа барды.