spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облыстық соттарында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шаралар басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан Республикасы судьялар одағының 25 жылдығы құрметіне Көкшетауда дойбы, шахмат, үстел теннисі және мини футболдан турнир өткізілді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облыстық сотының қызметкерлері мен судьялар арасындағы жарысты облыстық сот пен судьялар одағының филиалы ұйымдастырды. Турнирдің ашылу салтанатында Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов пен судьялар одағы филиалының төрағасы Бейбіт Нұржан құттықтау сөз сөйледі.

Раджаб Даминов Ақмола облысының соттарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне бірнеше ісшаралар басталғанын атап өтті. Жарыс қатысушыларына екпе алып, маскалық режимді сақтау және спорттық формада болу басты талап болды.

«Спартакиада дене шынықтыру және спортты салауатты өмір салтын қалыптастыру судьялар мен мамандар арасында маңызды фактор ретінде насихаттау, бұқаралық спортқа тарту, ұжымда корпоративтік рух пен ұжымның ұйымшылдығын дамыту мақсатында өткізілді», – дейді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов.

Ақмола облыстық сотының, Көкшетау қалалық сотының, мамандандырылған соттар мен аудандық соттар құрама командалары спорттың төрт түрі бойынша бақ сынасты.

Спартакиаданың жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img