spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
7.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында пәтер өртеніп, бес жасар бала көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында пәтер өртеніп, бес жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сағат 06:15-те Байқоныс ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт аумағы 85 шаршы метрді құрады.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан алты қызметкер және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып үлгерді. Өкінішке орай, 2016 жылғы үлкен ұлы өрттен көз жұмды. Күйік шалған ер адам Степногор қалалық ауруханасына жатқызылды», – деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткенедей, өрт 07:14-те ауыздықталып, 07:46-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img