spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
16 C
Kokshetau

Ақмолада түні бойы жоғалған бала көлік жүксалғышынан табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында түні бойы ұшты-күйлі жоғалып кеткен бала келесі күні автокөліктің жүксалғышынан ұйықтап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Оқиға Шортанды ауданында болған. Бүгін таңертең Шортанды аудандық полиция бөліміне жүгінген жергілікті тұрғын 12 жастағы хабар-ошарсыз кеткенін айтып, ұлын іздеуге көмек беруге сұраған. Ер адамның айтуынша 29 қыркүйек күні кешкі сегіздер шамасында үйінен кешкі астан кейін шығып кеткен бала сол күйі оралмаған. Түні бойы шарқ ұрып іздеген баланы еш жерден таба алмаған отбасы дағдарып, полицияға арыздануға мәжбүр болыпты.

                «Баланы іздеуге дереу учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы аттанған. Арызданушылардың мекенжайына жеткен соң полиция қызметкерлері алдымен аула мен жақын маңайларды шолып шықты. Үйдің ауласында істен шыққан автокөлікті ашқанда баланың қаннен-қаперсіз көлік жүксалғышында әкесінің ескі фуфайкасын жамылып ұйықтап жатқан жерінен табылды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Баланың өміріне ешқандай қауіп келмегені анықталып, жоғалған бала ата-анасына табыс етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика