spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев облыстың аграрлық шаруашылықтары өкілдерімен кездесіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министр ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу және қызмет көрсету және шығарумен айналысатын бірқатар компанияларды аралап, ауыл шаруашылығын автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі оқыту орталығы, ауыл шаруашылығы техникаларын тестілеуден өткізу алаңдарын аралап көрді.

Кездесу барысында Ербол Қарашүкеев бірінші кезекте аграрлық кәсіпорын кешендері саласындағы техникалық жарақтандыру жолымен өнімділікті арттыру қажеттігін атап өтті. Министр бүгінде ауыл шаруашылығы техникаларын шаруалардың алуына мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Инвестициялық қаржыландыру, жеңілдік бағдарламалары бойынша лизингілік несиелеумен қамтамасыз етіледі.

Министрдің айтуынша сатып алу қабілетін ұлғайтуға алғашқы жарна ретіндегі инвестициялық субсидияларды қолдану, сондай-ақ отандық техниканы жеңілдікпен несиелеу бағдарламалары ықпал етеді. Сатып алу қарқынын арттыруға осы жылдың мамырында министрлікпен бекітілген инвестициялық қаржыландыру нормативтерін ұлғайту да зор ықпалын тигізген.

«Тек осы жылдың 8 айында ғана «Қазагрофинанс» желісі бойынша ғана аграрлық кәсіпорындар құны 121,5 млрд теңге тұратын 6362 техниканы сатып алды. Бұл өткен жылғы сатып алу көлемінен екі есе жоғары болып отыр», – деді министр.

Ведомство басшысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының күзгі егін орағы жағдайымен және материалдық-техникалық базаларымен де танысты. Кәсіпорындарды аралау кезінде министрге Ақмола облысындғы егін ору науқанының барысы мен аграрлық шаруашылықтардың дамуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жұмыстары туралы есеп берілді.

Жалпы облыста биыл егістік алқап 5 миллион гектарды құраса, соның 4,5 гектарына дәнді-дақылдар, 265 мың гектарына майлы дақылдап, 3,5 мың гектар көкөністер, 20,6 мың гектарға картоп және 191 мың гектарға жем-шөп егілген.

Облыс күні бүгінге дейін 4,5 млн гектар егін алқабын толықтай оруды аяқтап орташа гектарына 8,8 гектардан өнім алған. Сондай-ақ, 101 мың тонна майлы дақылдар, 18,8 мың тонна картоп пен 3,3 мың тонна көкөніс жиналған. Министр жиналған дәнді-дақылдардың өткен жылдардағы қалған қорды қоса есептегенде елдік ішкі сұранысын толықтай қанағаттандыратынын атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img